«Тұлпарға» шомылуға болады

Көрлімі: 98

05-014.jpg

Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналып келген «Тұлпар» көлі жаңа кейіпке енеді. Алдағы көл жағасы адам танымастай өзгеріп, қаланың көркін ашатын нысанға айналады. Аумағы 15 гектарды алып жатқан демалыс орнында бүгінде демалушылар көп. Алайда қала тұрғындары мен қонақтары мұнда бұрынғыдай шомыла алмайды. Тек катамаран мен қайықта жүзе алады. Тұрғындар болса көлге бұрынғыдай сүңгіп, жүзуді қалайды. Көпшіліктің сұранысына сәйкес енді «Тұлпардың» суына түсуге болады. «Нұрғажайып» компаниясы директоры Асқар Жанбаевтың  айтуынша көл қайта жаңарады. «Алдағы уақытта адамдар көлге шомылатын болады. Шомылып қана қоймай шетелдегі жағажайлар секілді бар жағда жасалынады. Адамдар мұнда құмға қыздырынып жата алады»-, дейді ол.

   Айта кетейік, жасанды  «Тұлпар» көлі Шымкенттегі зоологиялық бақ пен дендрологиялық саябақтың жанында орналасқан. Көл бұған дейінбірнеше мәрте қайта жөнделген. Атап айтқанда жағалау абаттандырылып, аумағы қоршалып, жарықтар орнатылған болатын.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: «Тұлпарға» шомылуға болады