Құрылыс қарқыны мықты

20170503184905.jpg    

Республикадағы жаңа 17-ші аймақта құрылыстың қарқыны мықты. Әсіресе миллион тұрғыны бар қала халқын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында Шымкентте бүгінде көп қабатты 60 тұрғын үй салынуда. Сала мамандарының айтуынша жалпы ауданы 208 202,9 шаршы метрді құрайтын құрылыс алаңында 3 556 пәтер орналаспақ. Көпқабатты 60 тұрғын үйдің 27-сі өздеріңізге белгілі әкімшілік-іскерлік орталығынан бой көтеруде. Мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес оның 20-сы кредиттік, 7-і арендалық  бағытта беріледі. Ал 31-і  Тұран шағынауданында. Оның да 20-сы несиелік, ал 11-і арендалық бағытта беріледі. Ал «Шымкент сити» қалашығында жалпы саны 5554 пәтерді құрайтын 18 қабатқа дейінгі көп қабатты тұрғын үйлер бой көтермек. Сондай-ақ, қаланың Гагарин көшесінде №112 және Ақназар хан көшесінде №62 5 қабатты 2 үйдің құрылысы басталған. Келесі жылға өтпелі құрылыс нысанында 70 пәтер болады.  Жалпы биылғы жылы шаһарда 1 154 пәтерлі 21 үйдің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Оның 9-ы кредиттік, 12-сі арендалық  бағытта берілмек. Қалған 39 үйде қоныс той  2019 жылы өтпек.  Шымкентте  демографиялық өсім жоғары. Ауылды жерден қалаға көшіп жатқандар да көп. Сондықтан да, қалада қолжетімді баспана кезегінде тұрғандардың қатары 35 мыңнан асып жығылады. Олар Елбасының жаңа 7-20-25 бағдарламасына үмітпен қарап отырған азаматтар. мамандар кзекте тұрған азаматтардың мәселесін шешу ұзаққа бармайды деп отыр. Себебі биыл былтырға қарағанда 2 есе көп пәтер тапсырылады деп күтілуде. Тұрғын үйлердің саны жылдан-жылға арта бермек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер