Инфрақұрылым дами түспек

Көрлімі: 145

5.jpg

Жақында Шымкентке ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев іс сапарамен келіп, шаһардың тың жобаларымен, мемлекеттік бағдарламалардың орнындалу барысымен танысты. Үкімет басшысының төрағалығымен қала әкімдігінде өткен жиында қаланың  көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі де сөз болды. Бұл ретте Алматы-Ташкент бағытында транзитті жақсарту үшін А-2 айналма жолын (31 км) қайта құру қажеттігі айтылды. Қала әкімі, сондай-ақ екі, елдің арасындағы қарым-қатынастың бұдан әрі дамуы үшін «Шымкент-Ташкент» жүйрік теміржол экспресін іске қосуды ұсынды. Тағы бір айта кетерлігі, қаланың солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыру және көлік жүктемесін азайту үшін Қонаев даңғылы жалғасының құрылысын бастау көзделуде. Бұл жобаларды қуаттап пікір білдірген Үкімет басшысы құжаттамалардың барлығы дер кезінде дайындалуы керегін және тиісінше республикалық бюджеттен қаржы бөлінетінін жеткізді. «Қалада атқарылар жұмыстар көп. Ең бастысы инвестицияға жол ашылды. Енді жұмыс орындары көбейіп, халықтың әл-ауқаты артатын болады»,- деді Бақытжан Әбдірұлы.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Инфрақұрылым дами түспек