Партияның ықпалы зор

Көрлімі: 65

383.jpg

Билік пен қоғамға парияның тигізер ықпалы өте зор. Бір ғана «Нұр Отан» партиясының қолдауымен қаншама іс-шаралар өтіп, халықтың жағдайы жақсара түскен.  Жақында Шымкентте «Нұр Отан» партиясының жаңғыруы аясында бастауыш партия ұйымдарының екі күндік аймақтық форумы өтті. Жиынға  Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласынан ірі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аумақтық филиал төрағаларының орынбасарлары, барлығы 250-ге жуық партия мүшелері қатысып, тәжірибе алмасты. Форумның алғашқы күнінде 4 секциялық талқылаулар өтті. Сондай-ақ, секция жұмыстарында цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау, үштілділіке көшу, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған 22 жаңа партиялық жобаны іске асыру тәсілдері талқыланды. Партия тарихында алғаш рет өткізіліп отырған форумның екінші күні пленарлық мәжіліспен жалғасты. Оған қала әкімі, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, форумның жұмысы маңызды екеніне тоқталды. «Жалпы, қарапайым халықпен жұмысты жандандырған кезде партия да күшейеді. Осы тұрғыда БПҰ–на жүктелетін міндет ауқымды. Себебі, сіздер тікелей халықпен жұмыс істейсіздер. Бүгінде  Шымкент қаласында 20 мыңнан аса партия мүшелерін біріктірген 78 бастауыш ұйым бар. Қазір ұйымдардың саны көп болса да, бізге жұмыстың сапалы болғаны жөн. Жалпы, партияға елді ойлайтын, қоғамның қай бағытта дамып бара жатқанын білетін сауатты де елжанды азаматтар керек. Ең басты жұмысымыз – Елбасының тапсырмаларын сапалы орындау. Шымкент қаласы республикалық мәртебені алғаннан кейін алда үлкен мақсаттар тұр. Бірнеше IT сыныптар,  коворкинг орталықтар аштық. Біз бұл жұмыстары одан әрі қарай жалғастыра береміз», – деді қала әкімі.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Партияның ықпалы зор