Фронт-офисті аралады

Көрлімі: 170

837.jpg

Шымкентте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен кездесу өткен болатын. Жиынға Парламент Мәжілісінің депуттары, «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалысының өкілдері, Қазақстанның жоғары оқу орындарының қауымдастығының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, жергілікті мемлекеттік орган өкілдері, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер қатысты. Жиынға қатысушылар қаладағы «7-20-25» бағдарлама бойынша бірегей ақпараттық орталығына барады. Қазақстанда алғаш рет «Әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бойынша тұрғын үйді сатып алғысы келетіндерге көмектесу үшін Шымкент әкімдігі фронт-офис ашты. Ақпараттық орталық «бір терезе» қағидаты бойынша «7-20-25» бағдарламалары аясында қала әкімдігі ұсынатын мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін көрсетеді.

  Аймақтарға жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша бес әлеуметтік бастаманы іске асыруға жан-жақты талдау жасалатын болады, оның қорытындылары Үкіметке ұсынылып, Елбасына есеп беріледі, – деді қорытынды сөзінде республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Фронт-офисті аралады