«7-20-25» бағдарламасы әр отбасына үлкен мүмкіндіктерге жол ашады

Көрлімі: 87

39.jpg

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінің Шымкент қаласына жасаған сапары барысында Ақжайық шағынауданындағы үйлердің құрылыстарымен танысты. Қалалық құрылыс басқармасының бастығы Әбілсейіт Рабаевтың айтуынша, қазіргі уақытта «7-20-25» бағдарламаларын іске асыруға сегіз үй кешенінің 136 пәтері дайын, ал екінші жарты жылдықтың соңына дейін 275 пәтер пайдалануға беріледі. Олардың көбі 2-3 бөлмелі пәтерлер. Сонымен бірге, Ұлттық Банктің деректері бойынша, тамыз айының ортасында Шымкент  қаласында  662,6 млн теңгеге тұрғын үй заемдарын алуға 77 өтініш келіп түсті. «Елбасының  бірінші бастамасының аясында әзірленген «7-20-25» бағдарламасы әр отбасына үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Жергілікті әкімдіктер, жауапты мемлекеттік органдар осы бағдарлама бойынша жұмысты күшейтуі керек», – деді қоғамдық кеңестің мүшесі, ҚР Мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

   Айта кету керек, Қоғамдық кеңес мүшелері одан бөлек қаладағы  «7-20-25» бағдарлама бойынша бірегей ақпараттық орталығына және жылыжаймен айналысатын «СыдықовТ.К.» кәсіпорнын  аралады.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: «7-20-25» бағдарламасы әр отбасына үлкен мүмкіндіктерге жол ашады