Атына заты сай қала

images (1).jpg

Шымқала жақында «миллионер» шаһар атанды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек әрбір төртінші нәресте  осы өңірде туылады екен. Бұл – жалпы ел тұрғындарының 17%-ы осында тіршілік кешіп жатыр деген сөз.  Алайда мегаполис тұрғындардың санымен шектелмейді. Мегаполис барлық сала жағынан алда болуы қажет. Сонымен Шымкент қаласының аумағы бүгінде 13 мың гектардан 117 мың гектарға ұлғайды. Қала бюджеті 1994 жылы 1 млрд. теңге болса, бүгінгі күні 100 млрд. теңгеден асып отыр. Сондай-ақ қала экономикасына салынған инвестиция 459 млн. теңге болса, қазіргі уақытта 200 млрд. теңгеден асады. Қаланың дамуы бірнеше фактордан тұратыны айқын. Нақтырақ айтсақ, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі дамымаса, шаһарды ұстап тұру өте қиын. Өткен жылы  Шымкент қаласында 24 894,6 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Тағы бір маңызды саланың бірі – тұрғын үй құрылысы екені сөзсіз. Халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында соңғы 25 жылда Шымкентте 3 965 мың шаршы метр жаңа тұрғын үй бой көтеріп, пайдалануға беріліпті. Шаһардың тасын өрге сүйрейтін сала – кәсіпкерлік. Бұл жағына келгенде шымкенттіктерді пысық деуге болады.  Тұрғындардың іскер, кәсіп жасауға бейім келетіндігінің  арқасында, кәсіпкерлік жағынан республикада ең алдыңғы қатарда тұр. Қалада шағын және орта бизнес, қала экономикасының локомотивіне айналды.

     Шымкенттің соңғы жылдардағы көрсеткіштері қуантарлық. Шымқала алдағы уақытта әлеуетті де, дәулетті шаһарға айналмақ.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер