Жаңа форматта жұмыс істейтін орталық ашылды

5.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына және жаңа мамандық иесі атануына, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керектігі айтылған болатын. Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Шымкенттегі  «Нұрсәт» шағынауданында  жаңа форматтағы жұмыспен қамту орталығы ашылды. Астананың 20 жылдығына орай қала және облыс  тұрғындары үшін пайдалануға берілген жұмыспен қамту орталығы мегаполистегі ең үлкен орталық болып саналады. Мұнда жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет түрлері бір терезе қағидасы бойынша көрсетіледі. Яғни қала тұрғындарына қажетті қызметтер бір жерде орналасқан. Атап айтсақ, Халықты жұмыспен қамту орталығы, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен кәсіпкерлік бөлімі, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының  ОҚО бойынша филиалы жұмыс істеуде. Бұдан бөлек,  орталық қызметінің тағы бір ерекшелігі - «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде Шымкент қаласының жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген отбасылар, жазасын өтеген адамдар мен еңбекке қабілеті төмен мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрақты жұмыспен қамту мақсатында әлеуметтік қолдауға бағытталған. Бүгінде Халықты жұмыспен қамту орталығы толығымен цифрлық форматта жұмыс істеуде. Атап айтқанда, электронды анықтама, өз-өзіне қызмет көрсету аймағы,  Call center және цифрлы кабинет қызметтері бар.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер