Бұлақ көрсең көзін аш

images (2).jpg

Шымкент қаласы аумағындағы ескі каналдар жаңаратын болды. Шаһар басшысы  Нұрлан Сауранбаев бұған дейін 11, 12 шағынаудандары арқылы ағып өтетін Шымкент каналының маңындағы абаттандыру жұмыстарымен танысып, мамандарға ұзындығы 20 шақырымды құрайтын су арнасының көпқабатты тұрғын үйлер шоғырланған жағалауын демалыс орындарына айналдыруды тапсырған болатын. Канал бойында 54 гараждың орналасқаны анықталған-ды. Бүгінде бұл аумақтағы гараждар толықтай жойылған. Сондай-ақ, 243 ағашқа санитарлық бұтау жұмыстары орындалып, 2 гектар аумақта шөп орылған. 398 текше метр құрылыс және қоқыс қалдықтары шығарылған. «Мегаполистің ерекшелігі - географиялық жағдайы. Сондықтан, жері құнарлы Шымқаланы гүл қалаға айналдыруға ауа-райы толық мүмкіндік береді. Мен немеремді ертіп, кейде баратын жер таппаймын. Енді мына канал бойы демалыс орнына айналса, керемет болар еді. Жұмысты жандандырып жатқандарға рахмет!»,- дейді Шымкент қаласының тұрғыны Людмила Иванова. 

   Жалпы Шымкент қаласының ортасынан ағып өтетін 4 канал бар. Қошқар ата мен Қарасуда үнемі су болса, Шымкент пен Жаңашек каналдарынан жауын суы ағады. «ЛТД Тұрмыс» мекемесінің 65 жұмысшысы осы каналдарды қоқыстан тазартуға бағытталыпты.

Сала мамандарының айтуынша, жалпы ұзындығы 175 шақырым болатын каналдарды жыл бойы таза ұстау — басты міндет. Әсіресе, көктем мен күз айында су деңгейі көтерілмес үшін тазалыққа баса мән беріледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер