Жалақы жоғарылады

10.jpg  

Президенттің «Ұлт Жоспары. 100 нақты қадамының» 5-қадаында мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру керектігі айтылған болатын. Елбасының тапсырмасына сай Шымкент қаласындағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы жоғарылады.  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаевтың айтуынша 2018 жылдың басынан бері Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бастамасымен еліміздің бірқатар облыстарында жалақы төлеудің жаңа пилоттық жүйесі іске қосылған. Соның нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлердің айлық жалақысы жоғарылап отыр. Шымкент қаласы бойында департамент басшысының айтуынша, мысалы, департаменттің бас маманының лауазымдық жалақысы 91 мың теңгеден 219 мың теңгеге дейін көтеріліп отыр. Бұған қоса Агенттік төрағасының тапсырмасы бойынша бос лауазымдарды 20%-ға жеткізіп, үнемделген қаржы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына үстеме ретінде төлеуге бағытталмақ.

    Айта кетейік, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын белгілеудің жаңа жүйесі екі бөліктен тұрады. Олар факторлы-балдық шкала негізіндегі кепілдендірілген лауазымдық жалақы және үстемелер. Осы факторлы-балдық шкала жүйесі бойынша жұмысы тиімді қызметшілер жыл қорытындысы бойынша үстеме жалақыдан үміткер бола алады. Яғни жаңа жүйе ешбір жағдайда мемлекеттік қызметшінің болжамды табысын нақты шектемейді.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер