Алғашқы қоңырау соғылды

Көрлімі: 127

1.jpg   

 Шымкентте білім күні кең көлемде аталып өтті. Мамандардың айтуынша сол күні шаһардағы 133 орта мектепте алғашқы қоңырау үні сыңғырлаған. Жалпы 178 297 оқушы бар, оның ішінде 22 мың бала 1 сыныпқа барған.

    «Орта білім беру деңгейінде жаңартылған мазмұнға көшу жұмыстары жалғасуда. Жаңа оқу жылынан бастап 3, 6 жəне 8 сынып оқушылары мазмұны жаңартылған бағдарламамен оқи бастайды, 5 және 7-сыныптарда «Өлкетану» курсы биыл алғаш рет енгізіліп отыр, - деді "Бозарық" шағынауданындағы жаңадан ашылған №57 жалпы орта мектептің «Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасына қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.

   Заман талабына сай жабдықталып, балалардың толыққанды білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасайтын 900 орынды типтік мектеп 3 қабаттан тұрады. Екі ауысымда оқытатын мектепте 40 оқу бөлмесі, жаңа үлгідегі 2 мультимедиялы-лингофонды кабинет, 4 информатика кабинеті бар. Сондай-ақ, 2 шеберхана бөлмесі, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт зал мен балалардың денсаулығын қадағалайтын медпункт те жұмыс істейді.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Алғашқы қоңырау соғылды