Қос шаһар бірге дамиды

Көрлімі: 61

97.jpeg     

Түркістан қаласында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы əкімдіктерінің арасында меморандум жасалды. Меморандумға қол қойған Түркістан  облысының əкімі Жансейіт Түймебаев қос шаһардың  бір-бірін қолдап, бірге дамитынын айтты. «Елбасы 1 қыркүйекте өткен Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Түркістан мен Шымкентті дамыту мəселесіне ерекше тоқталып өтті. Шымкент — Түркістан облысына ең жақын қала. Сондықтан өңірдің дамуына ең бірінші кезекте Шымкент қаласының қосар үлесі зор. Біз бір-бірімізді қолдай отырып, облыс пен қаланы, сол арқылы республикамызды дамыта беруіміз керек» деді Жансейіт Қансейітұлы. Өз кезегінде Шымкент қаласының  əкімі Ғабидолла Əбдірахымов Түркістан қаласы ертерек дамып, əлемдік деңгейдегі шаһарлардың қатарына қосыла беруіне тілекші екенін жеткізді.

 Меморандумның мақсаттары мен міндеттері ауқымды. Атап айтсақ, əлеуметтік-экономикалық жəне кәсіпкерлік саласында, инфрақұрылымды дамыту, ғылым мен мəдениет саласында жəне басқа да мəселелер бойынша əкімшілік-аумақтық құрылымдар арасында тығыз байланыс пен əріптестік орнату көзделіп отыр. Меморандум аясында өнеркәсіп, шағын жəне орта бизнес, денсаулық сақтау, мəдениет, құрылыс, цифрландыру, кәсіби аппарат жасақтау, тұрғын үй-коммуналдық жəне өзге де салалар бойынша əріптестік орнатылады.  Осы арқылы облыс пен қала бірге өркендеп, жаңа белестері бағындырмақ.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Қос шаһар бірге дамиды