Тұрғын үй құнының лимиті өсті

Көрлімі: 120

8596.jpg     

ҚР Парламент мәжілісінің бір топ депутаттары таяуда Шымкентке келіп, «7-20-25» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысып кеткен болатын. Сол кезде қала басшылары мен жергілікті құрылыс компаниялардың басшылары аталған бағдарлама аясында тұрғын үйді сатып алудың ең жоғарғы сомасын 25 миллион теңгеге көтеруді сұраған еді. Ұсыныс жерде қалмай жүзеге асты.  «7-20-25» бағдарламасы шымкенттіктерге жаңа мүмкіндіктерді ұсынбақ.   Ұлттық Банк басқармасы қабылдаған қаулыға сәйкес, Шымкент қаласы үшін «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғарғы сомасы 15 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін ұлғайтылған. «Бұл Шымкент тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Қалада тұрғын үй құрылысы белсенді түрде дамып келеді. Бүгінде Шымкентте 700 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда. Лимиттің ұлғаюы қала тұрғындарына тұрғын үй жағдайын жақсартуға қосымша мүмкіндік береді», - деді «Баспана» Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

     Естеріңізге сала кетейік, еліміздің бес қаласында аталған бағдарлама аясында тұрғын үйді сатып алудың ең жоғарғы сомасы 25 млн теңгені құрайды. Олардың қатарында  Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент қалалары бар. Ал, өзге  өңірлерде тұрғын үйді 15 млн теңгеден қымбат емес бағаға сатып алуға болады.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Тұрғын үй құнының лимиті өсті