Мамандарға мүмкіндік берген жәрмеңке

Көрлімі: 90

391.jpg

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының өкілдері мен жұмыс берушілер жәрмеңке ұйымдастырып,  онда 2 мыңнан аса бос орындарды ұсынды. Мамандардың айтуынша қалада мұғалімдер мен балабақша тәрибешілері және жаңадан бой көтерген өндіріс орындарында мамандар жетіспейтін көрінеді.  Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеде 2200 жұмыс орны ұсынылды. Түрлі пән мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері, құрылысшы, аспаз мамандықтары бойынша екі қолға бір күрек табу мүмкіндігі молынан дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ, жергілікті зауыт-фабрикалар да маман тапшылығын сезінуде. «Индустриалды аймақтан бос жұмыс орындарына мамандар, жұмысшылар іздестіріліп жатыр. Грейдер, «Хова» көліктерін жүргізетіндер де тапшы. Құрылыс саласына, күзетке көптеген жұмысшылар қажет»,- дейді Шымкент қаласы жұмыспен қамту орталығының бас маманы Әбдімомын Ибрайымов.

     Ұйымдастырушылар жылжымалы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыруды өзге де аудандарда жалғастыратын болады. Айтуларынша, бүгінде екі қолға бір күрек іздегендерге бос жұмыс орындары электронды портал арқылы да ұсынылуда.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Мамандарға мүмкіндік берген жәрмеңке