Баспаналы болудың жолы түсіндірілді

Көрлімі: 39

21.jpeg

Халқының саны миллионға жеткен Шымкент тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету әкімдіктің басты назарында. Елбасының бастамасымен жүзеге асып жатқан «7-20-25» бағдарламасының игілігін қала тұрғындары да көретін күн алыс емес. Жақында қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мамандарының өкілдері және бірнеше банк өкілдері Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында тұрғындарға "7-20-25" бағдарламасының шарттары жан-жақты түсіндірілді. Кездесуде Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Гүлнәр Әшірбаева мемлекеттің тұрғын үй саясатын және "7-20-25" бағдарламасының тиімді тұстарын, ереже-шарттарын толық баяндап берді. «Алдағы уақытта баспана кезегінде тұрғандар үшін санаттар қысқаруы мүмкін. Бәріңізді тұрғын үйге кезегіне тұруға шақырамын. Үкімет сіздерге зор мүмкіндік ұсынып отыр», - деді Гүлнәр Құдайбергенқызы. Өз кезегінде тұрғындар да сауалдарын қойды. Мемлекеттік қызметкерлер, медицина және білім саласының қызметкерлері негізінен төлем қабілеттілігі, тұрғын үйлердің сапасы, несие тарихына қатысты мәселелерді талқылады.

  Айта кетсек, "7-20-25" бағдарламасы бойынша Шымкентте тұрғындарғы 7 банк тұрғындарға қызмет көрсетуде. Ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі несиелерді 1 желтоқсаннан бастап бере бастайды деп күтілуде.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Баспаналы болудың жолы түсіндірілді