Мектепке дем берген жоба

Көрлімі: 43

8.jpg

Шымкентте ата-аналардан ақша жинауды болдырмайтын жоба жүзеге асқалы жатыр.   Астана мен Алматы қалаларында жүйеге қойылған «Қамқоршылық кеңесі» енді үшінші мегаполисте де өз жұмысын бастайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Майраш Тайкенова қатысқан дөңгелек үстелде белгілі болды. Жиынға Шымкент қалалық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Жанат Тәжиева, қалалық мәслихат депутаттары Е.Дәрменов, И.Болдина, орта мектептердің директорлары, ата-аналар және бірқатар мектептерде өз жұмысын бастап үлгерген қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты. Ал Ж.Тәжиеваның айтуынша, қамқоршылық кеңестің жұмыстары Шымкенттің барлық 140 мектебінде ашылған. 9 адамнан құрылған қамқоршылық кеңесі мектеп өміріндегі барлық іс-шараларды бақылайды. Тіпті, мектеп директорын да сайлайды. Мектеп директоры әр жарты жылдықта қамқоршылық кеңеске есеп береді. Қамқоршылық кеңес мүшелері директордың жұмысына қанағаттанбаған жағдайда оның жұмысын тоқтатуға құқылы.

    Сонымен қатар әр мектептің қамқоршылық кеңесі сол білім ошағының жеке есеп-шотын ашып, демеуші тарта алады. Демеуші есебінен түскен қаражат оқушылардың қажеттілігіне жұмсалады. Демеуші тарапынан аударылған қаражат көлемі және оның қайда, қалай жұмсалғанын әр ата-ана біле алады. Білім саласының жауапты қызметкерлері ата-аналарды осы бағытта жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

 


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Мектепке дем берген жоба