43 адам баспаналы болды

Көрлімі: 46

 7.jpg

     Қала әкімдігінде өткен  Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын  қалада жүзеге асыру барысын талқылау жиынында отбасы, балалар және жастар саясаты басқармасының басшысы Жандос Қалтаев жастар саясатының дамуы және шетелдік жастардың үздік ғылыми жобаларын Шымкент қаласында жүзеге асыру бойынша ойларын ортаға салды. Басқарма басшысының сөзінше, Шымкентте алдағы уақытта жастар саясатын жүргізу бағытында 9 жоба белгіленген. Оның ішінде жастар ұйымдарын дамыту және олардың спорт, ғылым, мәдениет, білім, әскери-патриоттық тәрбие беру бағытындағы бастамаларына қолдау көрсететін «Шымкент жастары» жобасы бар. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарымен бірлесіп, бітіруші курс студенттеріне қаламыздың ТОП-100 компаниясында тағылымдама ұйымдастыруға бағытталған «Professional» жобасы, NEET жастарды жұмыспен қамту мен «Саламатты ұрпақ» жастарды бұқаралық спортқа баулитын және т.б. маңызды жобалар жүйелі түрде жүзеге аспақ.

   «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов, төрағаның бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, партия филиалының Саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысқан конференцияда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шымкент қалалық филиалының директоры Асқар Әбубәкіров «Экспортқа бағытталған индустрияландыру» мәселесі бойынша, қалалық құрылыс басқармасының басшысы Әбілсейіт Рабаев салынып жатқан тұрғын үйлер құрылысының барысы жөнінде, ҚР Ұлттық банкі Оңтүстік аймақтық филиалының директоры Әнуар Ботанбеков «7-20-25» бағдарламасының Шымкент қаласында жүзеге асыру барысы туралы баяндап өтті. Қалалық құрылыс басқармасы басшысының мәліметінше, бүгінде Шымкентте 184 көпқабатты үй бой көтеруде. «7-20-25» бағдарламасына келсек, Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда 77 азаматтың өтінімі банктер тарапынан мақұлданған. Оның ішінде 43 адам аталған бағдарлама аясында баспаналы болған.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: 43 адам баспаналы болды