Кәсіпорындар жалақыны көтермек

33.jpg     

Қазіргі таңда Шымкент қалалық партия филиалының есебінде 20 308 партия мүшесі бар, олар 73 бастауыш партия ұйымына біріктірілген. Есептік мерзімде партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2503 арыз-шағым тіркеліп, оның 1676-сы (66,9%) оңтайлы шешілген. Бұл турады жақында өткен «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезекті ХХХV есеп беру-сайлау конференциясында Шымкент қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов мәлімдеді. Жиында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов партия активіне алдағы атқарылатын жұмыстар бойынша бірқатар тапсырма берді. «Өздеріңіз білетіндей, биылғы 19 маусымда Шымкент қаласы Елбасының Жарлығымен республикалық маңызға ие мегаполиске айналды. Содан бері қалада көптеген оң өзгерістер болып жатыр. Шымкент шаһары жаңа өмірге, жарқын болашаққа қадам басты деуімізге болады. Қазіргі таңда қалаға қарасты барлық басқармалардың басшылары тағайындалды. Оларға артылып отырған жауапкершілік жүгі жоғары. Шымкент дербес қала болып, баршаңызға белгілі абыройлы азаматтар Дархан Сатыбалды мен Нұрлан Бекназаров Сенатқа депутат болып сайланды. Жалпы, Шымкентте партиялықтар Ұлт жоспарын, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, Елбасы Жолдауын насихаттау барысында белсенділік танытып, ауқымды шараларға өздерінің зор үлестерін қосуда. Тағы бір мәселе, Елбасы биылғы Жолдауында келесі жылдың қаңтарынан бастап қазақстандықтардың жалақысы өсетінін айтты. Бұл ретте Шымкенттегі бірқатар кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын 20, 30 пайызға көтермек. Бұған барлық мекемелер де атсалысуы тиіс» , - деді шаһар әкімі. Конференция барысында Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер