Қысы-жазы гүлі жайқалған қала

Көрлімі: 40

520.JPG

Шымқаладағы көгалдандыру жұмысына биыл 500 адам жұмылдырылды. Соның тең жартысы гүл егумен айналысқан. Мамандардың айтуынша биыл қалада 15 мың шаршы метр жерге гүл көшеттері отырғызылған. Оның бәрі маусымдық емес,  арасында көп жылдық көшеттер де көп.

   Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы Жандос Оспановтың айтуынша  егілген гүлдердің көбі қара күзде күні кешеге дейін жайнап тұрды.Қазір бір жылдық гүлдер алынып тасталып, орнына суыққа төзімді көктемде гүлдейтін қызғалдақ гүлдерінің көшеттері қондырылуда.Қыс бойы сәнін жоғалпайтын раушан гүлдері күтіп-бапталуда.Мұндай сәнді тірлік ауылда да бар.Елде гүл егуді кәсіп еткендердің қатары көбейіп келеді.Солардың бірі Шымкент көшелерін жайқалтып отырған Сайрам ауданындағы «Ханжук» шаруа қожалығы  50 соттық жерге түрлі гүл егіп табыс табуда.

   «Ханжук» шаруа қожалығы гүл өндірісімен 2007 жылдан бері айналысып келеді.Кәсіпкер Октам Абдрасулов жылыжайда бір жылдық гүлдің 70- тен астам түрін егіп отыр. Гүл өнімін өндіруде Қытай,Голландия технологяларын қолданылады.Қол жеткізген табыстары да қомақты. Өндірілген өнім Астана,Алматы, Ақтау,Ақтөбе қалаларына жөнелтуде. Екі жылдан бері Қырғызстанға экспортталуда. Отандық өнімді Ресейге шығару жоспарда бар.

 


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Қысы-жазы гүлі жайқалған қала