«Мен қазақша сөйлеймін!»

Көрлімі: 87

74.jpg  

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы Қазақстанның дамуының жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында қазақ тілінің дамуы мәселесі де назардан тыс қалмаған. Осы орайда  «Мен қазақша сөйлеймін!» деген ұранмен  Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпы республикалық акция өткізді. Мақсат – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, рухани құндылықтарды сақтау. Оған Шымкенттегі түрлі ұлт өкілдері қатысып, белсенділік танытты. «Шырайлы Шымкент қаласының  халқы 1 миллионнан асты. Осы мақсатта қазақ тілін білетін жастар арасында акция ұйымдастырып отырмыз. Олардың қатарында өзге ұлт өкілдеріде бар. Бәрі тілімізді қандай дәрежеде білетінін мақал сайыс арқылы сынап көруде»,- дейді қоғамдық көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Талғат Жұмаділов. Тұрғұт Гусайнов – Темірлан ауылында туып өсті. Ұлты түрік. Қазақ тілінде емін-еркін сөйлейді. Қазақ ақыны Абайдың өлеңдерін жатқа оқиды. Қасиетті қара домбырамен Алматы сахнасында өнер көрсетіп, жүлделі орынға ие болған. Бүгінгі акцияны ести сала, арнайы келіпті. «Мен бала кезімнен қазақ балаларымен өскенмін. Сол себепті қазақ тілін тіпті түрікшеге қарағанда өте жақсы білемін.  Қазақ тілінен түрлі олимпиадаларға қатысып жеңімпаз атандым» дейді ол.

     Шарада қазақша білетін екі топ мақал-мәтел айтудан жарысты.  Ассамблея мүшелері мен Тілдерді дамыту орталығының қызметкерлері қазақ тілін үйренгісі келетіндерді тегін курстарға шақырды.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: «Мен қазақша сөйлеймін!»