Жұлдыздар халыққа қызмет көрсетті

Көрлімі: 54

    33.jpg  

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкенттегі филиалында «Жұлдыздардың ХҚО-дағы бір күні» атты республикалық акциясы өтті. Бұл күні отандық эстрада жұлдыздары Халыққа қызмет көрсету орталығы операторларының кейпіне енді.

      Акцияға атақты әнші Ғазизхан Шекербеков, актер  Дәурен Жұмаділов, Нұрбол Айтұлов, Абай Аязбаев, Нұржан  Құлшынбаев, Жарас Ахметов, Нартай Сүлейменов және  əлем чемпиондары белгілі боксшы Біржан Жақыпов, Қайрат Ералиев, боксшы Закир Сафиуллил, Бекдәулет  Ибрагимов, сондай-ақ, Шымкент мәслихатының депутаттары қатысты. Шоу-бизнес жұлдыздары азаматтардың құжаттарын қабылдап, ХҚО  қызметкерлерінің рөліне үлкен қызығушылық танытты. Олар фронт-офиске келушілердің мемлекеттік қызметтерге қатысты сұрақтарына жауап беріп, электронды кезек талонын ұсынып, ресепшндегі өтініштерді толтыруға көмектесті.
    «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының  бөлім басшысы Қайрат Меңлібековтің айтуынша қазіргі таңда шымкенттіктер мемлекеттік қызметтерді 10 фронт-офистен ала алады. Биылғы жылдың 9 айында қаладағы ХҚО мамандары тұрғындарға 1 526 057  мемлекеттік қызмет көрсеткен.

 


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Жұлдыздар халыққа қызмет көрсетті