Қала тазалығына ат салысуда

Көрлімі: 39

скачанные файлы.jpg     

«Таза қала» акциясы Шымкент қаласын абаттандыру, тазалығын сақтауға бірден-бір үлес қосып келе жатқан жобаның бірі. Жылдан жылға қала тұрғындарының тарапынан бұл жобаға қызығушылық артып келеді. Мәселен, биыл жетінші рет ұйымдастырылған байқауға шаһардағы төрт ауданнан 519 өтінім түсіпті. 
    Осынау дәстүрлі жобаның ұйымдастырушысы – «Азаматтық альянс» қауымдастығы. Оның құрамына бірқатар үкіметтік емес ұйымдар шоғырланған. Қауымдастық қаладағы көптеген бастамаларға қолдау көрсетіп жүр. 14 қараша күні «Таза қала» акциясының қорытындысы шығарылып, үздіктер марапатталады. «Қаланың ең таза ауласын, ең таза көшесін бірге анықтаймыз. Биыл қай аудан белсенділік танытқанын да анықтадық. Комиссияның шешімімен Әл-Фараби ауданы белсенді қатысуда. Бұл – биылғы ерекшелік.
Ең басты жетістік – қала халқының осы мәселеге бет бұра бастағаны дер едім. Тұрғындар өз үйінің ауласын көгалдандыруға, абаттандыруға, таза ұстауға көңіл бөле бастаған. Оған нақты мысал айтайын. Мәселен, Түркістан көшесінің тұрғындары өз аулаларын таза ұстауда белсенді. Зухра есімді үй комитетінің төрайымы көгалдандыруды бастап беріп еді. Айналасындағы үйлер де жақсы іске жұмыла кетті. Рахымжан есімді тұрғын үйінің ауласына субұрқақ қойып, көгалдандырып жатыр. Оған 5 тонналық балалар бассейнін алып, оған құбыр жалғаған. Біз арнайы барып көрдік. Екінші бір мысал – Рашидов көшесінде Мейрамкүл деген тұрғын бар. Өзі 2,5 тонналық бөшке алған. Оның жанынан құбыр жалғастырып, үйдің айналасын көгалдандыруға пайдалануда. Ол кісі де байқауға тұрақты қатыстып келеді.  Ал Абай ауданында Ергеш деген қарияның ісі тіпті көпке үлгі. Ол тұрғын өзінің үйінің ауласы ғана емес, көше бойындағы 100 метрге жуық жерді жақсылап көгалдандырған. Гүл еккен. Биылғы жаз өте ыстық болды ғой. Соған қарамастан осындай жұмыстарды атқаруда. Оған ешкім бір тиын ақша берген емес»,- дейді Түркістан облыстық «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрағасы Шәріпбек Жамалбекұлы.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Қала тазалығына ат салысуда