Жас кәсіпкерлер көбеюде

Көрлімі: 38

 92.jpg

    Шымкентте жеке кәсіпкер атанғысы келетін жастардың саны күннен-күнге артып келді. Оның дәлелі, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының мұрындық болуымен әр аптаның сейсенбісінде өткізілетін ашық есік күніндегі жастардың қарасының көбеюі. 2018 жылдың өзінде-ақ «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолға алынған «Бастау Бизнес» жобасы аясында 1730 жас білім алып, оның 257-і өздерінің кәсіптерін бірден бастап кеткен. Биылғы жылы арнайы бағдарлама шеңберінде несие алу үшін қаладан 76 жас кәсіпкер өз жобасын ұсынып, оның 21-і мақұлданып, 300 млн теңге көлемінде екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие алып, өз кәсіптерін дөңгелетуде осылайша қолдау тауып отыр.

    Айта кетейік, кәсіп ашудың қыр-сырын үйрететін «Bastau Бизнес» жобасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен 2016 жылы басталған еді. Бұл кешенді оқыту бағдарламасы халыққа кәсіпкерліктің негіздерінен бастап маркетинг пен менеджментке дейін үйретеді. «Бастауға» жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтыған азаматтар және ісін кеңейтуге мақсат қойған жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер қатыса алады. Қатысуға өтінім Жұмыспен қамту орталығы арқылы қабылданады және үміткерлер тестілеуден өтеді. Соның нәтижесі бойынша оқуға қабылданады.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Жас кәсіпкерлер көбеюде