Шымкентті дамытатын форум

Көрлімі: 116

5be3f46d59dda.jpg      

Шымкентте алғаш рет қалалық үкіметтік емес ұйымдарының «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Әріптестік. Сенім» форумы өтті. Ауқымды іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Нарымбетов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қауымдастығының президенті Асылбек Қожахметов, «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрағасы Жұмағали Білісбеков және көптеген үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты. Форумды қала әкімі Ғ.Әбдірахымов ашып, жиынға қатысушыларды құттықтады. Форум жұмысына сәттілік тілеген қала әкімі Шымкентті дамыту мақсатында баршаны жұмыла жұмыс істеуге шақырды. Одан кейін қаладағы белсенді қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Форум барысында үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері сөз сөйлеп, адамзаттық қоғамның дамуына үлес қосу туралы пікірлерін ортаға салды. Одан кейін Астанада өтетін республикалық VIII Азаматтық форумға Шымкенттен баратын делегация құрамы жасақталды.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Шымкентті дамытатын форум