Бірлескен іс шара өткізілді

image_750x_5b2a0a119b137.jpg

Президент Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтты. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы.
Түркістан қалалық әділет басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын  талқылау мақсатында, «Нұр-Отан» партиясының өкілдерімен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» деген тақырыпта кездесу өткізді. 
Іс шара барысында әділет басқармасының  басшысы Нұргүл Рүстемова  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі ережелерін, сонымен қатар,  мемлекеттік қызметшілер және оған теңестірілген азаматтардың    жемқорлық жағдайын немесе  әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті тудыратын  заңнамада көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-әрекеттер жасамау қажеттігі туралы түсіндірді. Жиын барысында жемқорлық – жегі құрт екендігіне тағы бір рет көз жеткізілді.   
Шарада қатысушылар көтерілген тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер