Түркістан өңірінде медицина саласы заман ағымына сай дамуда

2018041823284443621_nxp-secures-electronic-id-cards-and.jpg

Заман күннен-күнге дамып келеді. Осыған орай, адам өмір сүру сапасы да артуда. Технология дамыған сайын бұрынғы бей-берекетсіздік жойылып келеді. Нәтижесінде, тәртіп орнайды. Мысалы, Түркістан облысындағы 69 медициналық ұйым бүгінде 100 пайыз медициналық ақпараттық жүйемен қамтылған. Ал осы аталған медициналық ұйымның жартысы ішінара қағазсыз құжат айналымына ауыстырылған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында облыс әкімі Ж.Түймебаев мәлім етті.

Облыс басшысының айтуынша, интернет желісімен аудан деңгейіне дейінгі елді мекендер 100 пайыз қамтылған болса, 2021 жылға дейін аудан деңгейінен төмен ауылдарды қосу жоспарлануда. Осының нәтижесінде өңірдегі 2 миллионнан астам халықтың электрондық денсаулық паспорты жасақталған. Бұдан бөлек, әкім осы жылдың  1 сәуірінде Түркістан облысымен бірге Алматы, Павлодар, Маңғыстау облыстары қағазсыз аурухана пилоттық жобасына кіргенін айтып, аталған облыстардың ішінде ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша 1 орында екенін жеткізді.

Елбасы тапсырмасына сәйкес, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының облыста жүзеге асырылу барысын баяндаған аймақ басшысы осы жылдың алты айында межеленген  негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті.  

– Түркістан облысы денсаулық сақтау аясындағы мемлекеттік бағдарламаларының негізгі нәтижелі көрсеткіші бойынша бесінші орында. Мұның ішінде нәресте өлім-жітім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға төмендеді. Бұл бойынша республикада 8 орында болсақ,  ана өлім-жітім көрсеткішімен облыс елімізде 9 орында. Ал туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 33,3 пайызға төмендеген. Бұл нәтижелі жұмыстар мемлекеттік бағдарламалардың аясында жасалған жұмыстардың жақсы көрсеткіші деп білемін,- деді Ж.Түймебаев.

Баяндама барысында өңір басшысы кадрлық мәселелерді шешу мақсатында арнайы бағдарлама жасалынып, ауылдық жердегі кадр тапшылығын жою үшін аудандағы елді мекендерде қызметтік тұрғын үй салынып жатқанына тоқталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер