Имам білікті болса айналасына жамағатты жинайды

koran_molitva_allahu.jpg

Имамдарға да тәжірибе алмасып тұру керек. Әрине бұл дін қызметкерлерінің біліктілігін арттырады. Сонда айналаңдағы жамағатты жинап, ислам дінінің тура жолын дұрыс түсіндіре аласың, теріс бағытты ұстанатындарға өз мазхабыңның артықшылығын дәлелдеп, сол жол осындағы жамағат үшін жақсы ұстаным екенін түсіндіре аласың.

 Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Сарыағаш қалалық орталық мешітінде имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында «Білімді имам – заман талабы» атты семинар болып өтті. Оған Маңғыстау облысының өкіл имамы Исмаил Сейітбек қатысып, жергілікті әріптестерімен теріс ағымдардың әрекетіне тойтарыс беру үшін өз өңірінде атқарылып жатқан жұмыстармен, тәжрибесімен бөлісті.Өкіл имам елімізде дін мәселесі күрделі саналатын батыс өлкенің жұмыс тәсілін, орын алып жатқан кейбір мәселелердің шешілу жолдарын түсіндірді. Деструктивті діни ағым жақтастарымен күресудің тың тәсілдерімен бөлісті.

Көрші мемлекетпен шекаралас орналасқан, көп этнос өкілдері тұратын Сарыағаш ауданынның имамдары үшін бұл семинардың берері көп болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер