Білім гранттарын бөлуде сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді

img_7155.jpg

Білім саласы ең өзекті сала. Осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әсіресе білім беру гранттарын бөлудегі ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Агенттік пен Министрлік тарапынан үлкен жоба қолға алынып отыр.

Білім беруге бөлінген қаражаттың жыл сайын ұлғаюы олардың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етудің өзектілігін арттырады. Осы мақсатта, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асыру аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесе жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу кезінде білім беру гранты мен мемлекеттік білім беру тапсырысын тағайындаудағы конкурстық комиссияның жұмысына қоғам өкілдерін қатыстыруды жоспарлауда. Осы ретте, ағымдағы жылдың 31 шілде күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің ұйымдастыруымен білім саласына гранттар бөлудегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында кеңейтілген отырыс өтті. Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, облыстық білім беру басқармасының басшысы И.Сағындықов, ЖОО және колледж директорлары мен қызметкерлері, жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты.

– Осы жобаны жүзеге асыруда қоғам белсенділерінен тұратын Департамент жанынан құрылған Арнайы мониторингтік топ білім беру гранты мен мемлекеттік тапсырысты бөлуге бекітілген конкурстық комиссия мүшелері жұмысына бақылаушы ретінде қатысатын болады. Тек арнайы мониторингтік топ мүшелері ғана емес, облыстың, Шымкент қаласының белсенді азаматтарын да бақылаушы болуға шақырамыз» - деді Департамент басшысы Ә.Көмекбаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер