Аудан әкімі халықың мұң-мұқтажын тыңдап, көмек көрсетті

Көрлімі: 95

38637422_2551238498454254_2623629537820278784_n.jpg

Өңір даму үшін әкім халықпен тығыз жұмыс істеу керек. Ол халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, дер кезінде қажетті жағдайды жасай білгені абзал. Сонда ғана ел ішінде тұрақтылық орнап, келер күнге деген сенім күшейеді.

Осыған орай, бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Қ.Абдуалиев пен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары А.Абдикадировтар Сарыағаш қаласы Көктөбе, Телемұнара мөлтек аудандарының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындардың облыс әкімінің орынбасары Т.Сәрсембаевтың жеке қабылдауында және аудан әкімінің жеке қабылдауында көтерілген мәселелері талқыланды. Аудан әкімі Қ.Абдуалиев қазіргі таңда Көктөбе және Телемұнара мөлтек аудандарының ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша «SK Ingenereeng Tehnology» ЖШС-гі , электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша «ТВИК» ЖШС-гі жұмыс кестесіне сәйкес құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын түсіндірді. 

Сонымен қатар табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарына облыстық бюджет қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу басқармасында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр. Мердігер анықталған соң, үстіміздегі жылы құрылыс жұмыстары басталатын мәлімдеді. 

Кездесу соңында мердігер мекемелер мен ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тиісті тапсырмалар берілді. 


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Аудан әкімі халықың мұң-мұқтажын тыңдап, көмек көрсетті