Туған өлкенің жай-күйіне алаңдау - ер азаматқа тән қасиет

Көрлімі: 98

38823919_131659144428464_6334810572411895808_n.jpg

Өзі депутат қылып сайлаған Түркістан облысынан шыққан депутаттар туған жерінің мұң-мұқтажымен танысып, оларға қол ұшын созу керек. Бұл жөнінде Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасында нақты тапсырмалар жүктелген болатын. 

Осыған орай, бүгін Келес ауданына ҚР-ның Парламенті сенатының депутаты Али Бектаев іс-сапармен келді. Жаңадан құрылып жатқан ауданның ахуалымен танысу үшін ең алдымен аудан әкімінің аппаратында болып, аппарат ғимаратын аралап көріп өтті. 

Сенат депутаты Келес ауданында Біртілек а/о №114 Т.Бегманова жалпы орта мектебінде болып, аудан тұрғындарымен арнайы кездесіп, мәжіліс өткізді. Өз сөзінде Али Әбдікәрімұлы жаңадан аудан болған Келес ауданы азаматтарын құттықтап, Келес өңіріне деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ықыласы ерекше екенін атап өтті.

Аудан әкімі Ақментай Есбаев жаңадан құрылған ауданға келгені үшін халық қалаулысына алғысын білдіре отырып, «Бүгінде барша Қазақстандықтар Жолдаудағы алдымызға қойылған міндеттерді орындауда. Жолдауды насихаттап, халыққа дұрыс жағынан жеткізе білу біздің міндетіміз. Сол міндетімізді орындау мақсатында осы кездесуді ұйымдастырып, пікір алмасуға келіп отырған азаматтарға ризашылығымды білдіремін» - деп сөзін түйіндеді.

Сенатордың тұрғындарымен кездесуі барысында өңірде қордаланған көптеген мәселелер талқыланды. Али Бектаев тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен жасалған өтініштер және ұсыныстарға барынша шешуге ат салысатынын айтты.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Туған өлкенің жай-күйіне алаңдау - ер азаматқа тән қасиет