Отырарда сенатор халықпен кездесті

38799983_665546420497101_7518231627630116864_n.jpg

Бүгін Түркістан облысы, Отырар ауданына сенатор Әлімжан Құртаев арнайы жұмыс сапарымен келді. Депутат алдымен Шілік ауылындағы С.Құртаев атындағы жалпы орта мектебіне барып, ҰОС ардагерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. 

Мұнан соң сенат депутаты аудан әкімдігінің мәжіліс залында тұрғындармен кездесіп, жыл басынан бері Парламентте атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. 

Кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін, сондай-ақ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жан-жақты түсіндіріп өткен Сенат депутаты Парламентте қабылданған заңдарға да кеңінен тоқталды. Депутат өз сөзінде: «Президентіміздің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы еліміздің экономикалық дамуының басым бағыттарын айқындап берді. Жыл басынан бері Парламент сенатында 84 заңнамалық акт қабылданып, конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондай-ақ, халықаралық шарттар мен келісімдерді ратификациялауға бағытталған заңдар қабылданды. Жалпы бұл заңдардың барлығы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына қызмет ететін болады»-деді. 

Жиынға қатысушылар көкейдегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. 

Кездесуден соң Әлімжан Сейітжанұлы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының жаңадан жабдықталған экспозиция залын аралап, қарт тарихтан сыр шертетін құнды тарихи жәдігерлермен танысты. Одан соң Мыңшұқыр елдімекеніндегі жаңа мөлтекауданда бой көтеріп жатқан мемлекеттік қызметтік үйлердің құрылыс жұмыстарын аралап көріп, қарқынды жұмыстарға оң бағасын берді. 

Жұмыс сапарының соңында аудан әкімінің орынбасары П.Жаппарқұлов халықпен кездесіп, тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарына жан-жақты жауап берген ҚР Парламенті Сенатының депутатына аудан халқы атынан ризашылығын білдіріп, шынайы алғысын жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер