Оқушылар жып-жылы мектепте білім алады

20170710013555075_big.jpg

«Мектеп – кеме, білім – теңіз». Осы мәтелден-ақ, білім теңізінде жүзу үшін мектеп керек екенін аңғарамыз. Ал, сол мектептің жылы болуы өте маңызды. Себебі, жаз мезгілі өтіп, қылышын сүйретіп қыс жақындап келеді. 

Осы мәселеге орай бүгін Түркістан облысы әкімдігінің селектр мәжілісі өтті. Жиында мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы, өңірдің жылыту маусымына әзірлігі және Түркістан қаласын дамыту мәселесі сөз болды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев тиісті сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жаңа оқу жылына дайындық мәселесін назарда ұстау керектігін айтты. Қыркүйек айында пайдалануға берілетін мектептердің жаңа оқу жылына дайындау, құрылысы жүріп жатқан білім ұяларының сапалы әрі уақтылы тапсырылуын жіті қадағалауды жүктеді.Сонымен қатар, жиында жылыту маусымына дайындық шаралары да сөз болды. Өңір басшысы күз және қыс мезгілдерінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың ешбірінде жылу мәселесі болмау керектігін шегелеп айтты.

— Облыстағы жылу электр станцияларының дайындығын пысықтап, жылу жылу қазандықтары мен жүйелерін алдын ала тексеруден өткізген жөн, - деді Ж.Түймебаев.

Селектр отырысында Түркістан облысы мен оның орталығы — Түркістан қаласын дамыту жолдары да талқыланды. Түркістан қаласын Түркі әлемінің орталығына айналдыруға Елбасының өзі бастамашы болып, қолдап отыр. Алдағы уақытта «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» секілді алпауыт акционерлік қоғамдар мен компаниялар да Түркістанның дамуына тікелей атсалыспақ. Облыс әкімі Түркістанды түлету бағытында әрбір аудан мен қала әкімдіктері де үлес қосулары керектігін айтып, жұмысты ширатуды тапсырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер