Бәйдібек ауданында салауатты өмір салты насихатталды

41347783_316293308948557_1115914657635237888_n.jpg

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Түркістан өңірінде «Денсаулық» фестивалі жер-жерде өтіп жатыр. Бұл фестиваль зор мәнге ие. Себебі, денсаулығын күткен адам жұмысты сапалы істейді. Еткен еңбегі өнімді болады. Ал, мұндай азаматтар ел экономикасына зор кіріс келтіреді. Сондықтан да, денсаулықты күтуді насихаттау – басты назарда.

Осыған орай, бүгін Бәйдібек аудандық орталық стадионда Бәйдібек ауданы әкімдігі мен аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Денсаулық сандарына жет "атты «Денсаулық фестивалі – 2018» іс-шарасы өтті. Шараға аудан орталығындағы барлық мекеме қызметкерлері қатысты. 

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары А.Темір қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Ол денсаулықтың қадірін түсіндірді. 

Стадионға жиналғандар әуенді ырғақпен би түріндегі жаттығулар жасады. Ерлер мен әйелдер арасында жүгіруден жарыс өтті. Жүгіру жарысының нәтижесі қорытындыланып, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының арнайы естелік сыйлықтары табыс етілді. Шара өткен жерге аудандық орталық аурухананың дәрігерлері арнайы медициналық құрал жабдықтарымен келіп, қатысушылардың қан қысымын өлшеп, қант диабетінің қалыптылығы жөнінде тексеру өткізіп, кеңестер беріп, арнайы түсіндірме парақшалар таратылды.

Шараның екінші бөлімі аудандық спорт кешенінде «Әкем анам және мен» отбасылық сайысқа жалғасты. Ойынның нәтижесі бойынша отбасылық сайысқа қатысушылардың жеңімпаздары аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының естелік сыйлықтармен марапатталды.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер