Түркістан облысы Түркиядан инвестиция тартты

Снимок.JPG

Бауырлас қос ел - Қазақстан мен Түркия арасында іскерлік қарым-қатынас жылдан-жылға дамып келеді. Оған дәлел, 12 қыркүйек күні Түркия астанасы Анкара қаласында қазақстандық-түркиялық бизнес форум. Форумға қос елдің 200-ден астам ресми тұлғалары мен ірі кәсіпкерлері қатысты. Түркістан облысының делегациясын бастап барған аталмыш өңір басшысының орынбасары Ербол Тасжүреков Түркияның ірі холдингтері мен компаниялары басшыларымен келіссөз жүргізді. Түрік инвесторларына Түркістанның инвестициялық тартымдылығы мен ары қарай дамытуға және кеңейтуге болатын салалары таныстырылды. Атап айтсақ,  жеңіл өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен және туризм саласындағы мүмкіндіктер сараланды. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Келіссөздер нәтижесінде 30 жылдан бері бизнес саласында көшбасшылардың бірі атанып жүрген Түркияның «DAL Holding Investment Company» холдингі Түркістан облысының 200 га жер аумағында инвестициялық құны 500 млн. АҚШ долларын құрайтын жылыжай салуға ниет білдірді. Жобаны жүзеге асыру барысында жылыжай аумағында тоңазытқыш әрі көкөніс қоймасы салынады. 1000-нан астам жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, баламалы және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағыты бойынша «Çalık Enerji» және «Zorlu Holding – Zorlu Enerji» атты ірі компаниялар 50 МВт қуаты бар күн электр станцияларын салуға дайын екендерін білдірді. Жобаның жалпы құны 120 млн. АҚШ доллларын құрамақ.

Кездесулер мен келіссөздер қорытындысы бойынша Түркістан облысы әкімдігі мен ірі түрік компанияларының арасында жалпы инвестиция көлемі 625 млн. АҚШ долларын құрайтын 4 меморандум түзілді. Қос тарап бұл меморандумдар Қазақстан және Түркияда бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын механизмге айналып, тығыз коммерциялық байланыстарды дамытып, екіжақты инвестициялар көлемінің ұлғаюына және технологиялар трансфертіне негіз болатындығына сенім білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер