Жаңа жоба жемқорлықты жояды

Көрлімі: 20

Screenshot_7.jpg

Басқа салалардан бұрын ең бірінші білім ошақтарында, яғни мектептерде сыбайлас жемқорлықты болдырмау аса маңызды. Себебі, мектеп – тәрбие бесігі. Есі кіріп, бұғанасы қатып үлгермеген бала осында тәрбие мен білімді қатар алып, ұшқанда осы жерден көргенін іліп алып кетеді. Осыдан-ақ мектеп деген оқушының өміріндегі іргетасын қалайтын мекен екенін бағамдауға болады.

Міне, мектептерде жемқорлықты болдырмау, оның алдын-алу мақсатында бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Ұлттық бюро департаменті және облыс әкімдігі 1300-ге жуық мектеп директорлары, білім бөлімі басшыларын жинап жиын өткізді.

Отырысқа төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков облыста білім беру саласы сыбайлас жемқорлық  тәуекелдері жоғары сала екені Елбасы тарапынан сынға ілінгенін, білім беру саласы жемқорлық көріністері жоғары деңгейге жетіп отырғанын айтып, білім беру ұйымдарының басшыларына жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Ал, департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар  жүргізілап жатқанына қарамастан білім саласы әлі де болса жемқорлық деңгейі жоғары екенін атап өтті. 

Өз баяндамасының соңында білім беру саласында ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында бірқатар нақты ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, орталықтандырылған қаржыландыру жүйелерін енгізу, мұғалімдерді жұмысқа қабылдауды мектеп директорларының құзырынан алып, бұл жұмыспен тікелей ең алдымен қоғам мүшелерінен енгізілген конкурстық комиссия мүшелеріне беру,  мұғалім лауазымы үміткерлері үшін тестілеу бағдарламасын әзірлеу, техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды аутсорсингке беру. 

Жиын соңында Ұ.Сәдібеков қатысушыларға бүгінгі кездесуден қорытынды шығаруды,  күн тәртібінде  қаралған басты мәселе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төендету бағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды. 


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Жаңа жоба жемқорлықты жояды