Аудан әкімі мен ауыл тұрғындары арасында тығыз қарым-қатынас орнады

Screenshot_2.jpg

Әкім - кабинетте жұмсақ креслода отырмай, елдің ішінде жүрсе тірлік өнімді болмақ. Мемлекет басшысы да әкім - ең бірінші кезекте халықтые қызметшісі екенін айтудан шаршаған емес, Осыған орай, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Еңбекші және Иіржар аулыдық округтеріне қарасты елді мекендерді аралап, шаруа қожалықтардың ахуалымен танысты. Бұл жөнінде аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды

Еңбекші аулыдық округіне қарасты 5 елді мекенде 5983 тұрғын бар. 856 шаруа қожалық 5328 гектар егістік алқапты игеріп отыр. Сондай-ақ, 13 шаруа қожалық мал бордақылаумен, 4 шаруа қожалық шағын жанұялық сүт фермасымен айналысуда. Округте 6 мектеп, 9 балабақша, 1 СВА, 4 ФАП, 1 кітапхана, 12 сауда нүктесі, 1 жанар жағармай құю бекеті, 1 мақта жүн түту цехы, 1 диірмен, 1 почта бөлімшесі тұрғындарға қызмет көрсетуде. 

Еңбекшінің тұрғындары негізінен ауыз су, көшеге асфальт төсеу мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, аудан әкімі Нұрлытаң елді мекеніндегі апатты жағдайдағы көпірді арнайы барып көріп, мәселені шешуді келесі жылдың жоспарына енгізетінін айтты. Мұнан соң өңір басшысы Иіржар ауылдық округіне аялдады. Тұрғындарының саны 10 мыңнан асаты округте 9 елді мекен бар. Иіржарлықтар да мал шаруашылығын дамытуда ілгерілеп келеді. Округте тұрғындар 4720 ірі қара, 1860 уақ малдар, 422 жылқы, 5615 құсты бағып отыр. Сондай-ақ, 7439,2 гектар егістік алқапты шаруалар игерген. 

Иіржарлықтар да негізінен ауызсу, көшеге асфальт төсеу мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, ПУИД-2 бағдарламасы бойынша тік дренаждар мен коллекторлық жүйелерді тазалауды тезірек қолға алу керектігін жеткізді.

Осылайша, аудан әкімі ауыл тұрғындарын не мазалайтынын өз көзімен көріп, тиісті мамандарға оны тезірек шешуді тапсырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер