"Адал жол" - Созақта

Screenshot_1.jpg

Бүкіл даму процесін тежейтін сыбайлас жемқорлықпен күрес бүкіл ресбпуликада жалғасып келеді. Бұл күрес әсіресе Түркістан облысында зор қарқынмен жүргізілуде. Түрлі іс-шаралар, жиындар, жеке қабылдаулар, түсіндіру жұмыстары, бәрі осы қылмыстың алдын-алуға арналған. Облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон барлық аудан, қалаларды қамти отырып өткізілуде. Осыған орай, жақында Созақта «Адал жол» жобасы бойынша жиын өтті. Бұл марафонда мемлекеттік орган қызметшілерімен қатар, жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері белсенділік танытуда. Бүгінге дейін марафонды Шардара, Мақтарал, Сарыағаш, Қазығұрт, Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Ордабасы, Отырар аудандары, Кентау қаласы өткізіп, Созақ ауданы Кентау қаласынан эстафетаны қабылдап алды.

Марафонды өткізудегі басты мақсат - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау, сонымен қатар, қоғамды салауатты өмір салтын ұстануға үндеп, жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Ауданда қыркүйек айының 17–сінен бастап басталған марафон аясында көрмелер, тәрбие сағаттары, сурет байқаулары, дәрістер, флешмобтар жүргізілуде. Соның бірі бүгін " Мыңжылқы" сарайында өткен " Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" атты дөңгелек үстелі. Дөңгелек үстелге ауыл әкімдері,мекемелер қызметкерлері, заң қызметкерлері, ауыл жастары қатысты.

Аудан әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы Т.Жұмабаев, " Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының төрағасының орынбасары Р.Әлжанов, Сызған ауылының әкімі С.Маманов, " Тілдерді дамыту орталығының" директоры Г.Биғондиева тақырып бойынша ой - пікірлерімен бөлісті. Қатысушылар назарына бейнебаян, кітап көрмелері ұсынылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер