Аудан әкімі тұрғындардың мәселесін шешіп берді

Screenshot_2.jpg

Халықтың мұң-мұқтажымен тікелей танысу – әкімнің негізгі міндеттерінің бірі. Осыған орай, «Нұр Отан» партиясының Түркістан облысы, Шардара аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Болатбек Қыстауов бір топ тұрғындарды қабылдап, өтініштеріне құлақ түрді. Осылайша, ол көптеген мәселелердің оң шешілуіне ықпал болды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.  

Қоғамдық қабылдауға алғаш болып кірген «Мәриям» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы Мүсәлім Базарбаев мал сою бекетіне арнайы жер сұраса, қаладағы Төменгі тоғай ауылының биі Тасполат Юсупов ауыз суға есептегіш қондырғысын орнату, үй-жайы жоқ, жағдайы төмен, көп балалы отбасына баспана беру, мөлтекауылдағы медпунктті күрделі жөндеуден өткізу секілді мәселелерді әкімнің назарына ұсынды. Қала тұрғыны Жайнагүл Аманова жұмыс тауып беру жөнінде өтініш айтты. 

Тұрғындардың тілегін мұқият тыңдаған аудан басшысы олардың шешу жолдарын қарастырды. Азаматтар тарапынан айтылған әрбір өтінішті сала мамандарымен бірге талқылап, оң шешілу үшін нақты тапсырмалар жүктеді. 

Қоғамдық қабылдау отырысына «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, аудан әкімінің орынбасары, қала әкімі, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы, аудандық білім бөлімінің басшысы секілді көптеген лауазым иелері қатысты. Олар тұрғындар тарапынан болған арыз-шағымдарға жауап беріп, аудан әкіміне мәселенің мән-жайын баяндап отырды. 

Осылайша, бүгін тұрғындарды қабылдау аясында аудан әкімі лауазым иелеріне тапсырмалар жүктеп, міндеттерін белгілеп берді. Ал, аудан тұрғындары әкімге алғыстарын білдірді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер