"Адал жолдың" арқасында халықтың құқықтық сауаты артуда

Көрлімі: 15

Screenshot_5.jpg

Биыл Түркістан облысы әлеуметтік-экономикалық тұрғыда белсенді қимылдауда. Биыл бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы екіге бөлініп, Шымкент пен Түркістан облысына бөлінді. Нәтижесінде қос өңірде жұмыстар жанданды. Әсіресе, Түркістан облысында барлық салада тірлік қызды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес зор қарқынмен жүзеге асуда. Бұл күрес нақты бір жүйеге түсті. Жүйе бойынша нақты іс-әрекеттер атқарылуда. 

Мысалы, бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облыстық департаментінің «Адал жол» кітабын «Эстафета» қағидасы бойынша Созақ ауданы Бәйдібек ауданына тапсыру рәсімі өтті. 

Созақ аудандық мәдениет үйінде аталған шараға байланысты салтанатты жиын өтті. Жиынның ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облыстық департаментінің басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев сөз сөйлеп, жиналған көпшілікті жыл басынан өтіп келе жатқан шараның маңыздылығына тоқталып, аудандағы бірқатар азаматтарды агенттіктің алғыс хатымен марапаттады. Ғалым Сұлтанұлы аталған марафон сыбайлас жемқорлықпен күресте айтарлықтай рөл ойнағанын айтты. Ол бірқатар статистикалық деректер келтіре кетті. Биыл өңірде сыбайлас жемқорлық фактісі өткен жылмен салыстырғанда шамамен 2 еседей азайған. Ел ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет күшейіп келеді. «Қол сынса жаға ішінде», «жабулы қазан жабулы күйінде қалсын» демей, халық заңсыздыққа куә болса, дереу тиісті орындарға шағымданатын болды. Бұл – халықтың құқықтық сауаты артқанын көрсетеді. Халықтың құқықтық сауатының артуына - "Адал жол" сынды іс-шаралар өз септігін тигізуде.

Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов құттықтау сөз сөйлеп, «Адал жол – честный путь» марафонының эстафетасын Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиевке салтанатты түрде табыстады.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: "Адал жолдың" арқасында халықтың құқықтық сауаты артуда