Білімді жастар - кереғар діни ағымды жоюшы күш

Көрлімі: 15

Screenshot_9.jpg

Бүгінде елімізде өткізілетін іс-шаралардың санына емес, сапасына назар аударыла бастады. Бір іс-шара өтті ме, ендеше бұл іс-шара қоғамға не берді? Оның мемлекет үшін қандай пайдасы болды? Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар өткізу керек пе, әлде қажет емес пе? Жалпы, сапалы іс-шара – қоғам барометрі. Іс-шарада халықтың әл-ауқатын, саяси, әлеуметтік-экономикалық көзқарасын біліп, оның қазіргі қоғам жайлы не ойлайтынын білуге болады. 

Міне, осыған орай, жақында 2 қазан күні Түркістан облысы Дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Түркістан қаласынының Есім хан алаңында "Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы" атты флешмоб өтті. Естеріңізде болса, өткен жылдары елімізде керағар діни ағымдар мен ұйымдардың қатарына қосылып кеткен жастар легі кездесіп жатты. Бұл жерде жастарды кінәлай алмаймыз. Себебі, оларда діни білім болмады. Білімсіздік салдарынан олар теріс діни ағым қатарынан табылды.

Осы жайттарды ескере келе, соңғы бірер жылдан бері елімізде теріс діни ағымдардан күрес күшейді. Бұл күрестегі ең негізгі күш – білім. Себебі, діни сауатты, білімді жастар күдікті діни ағымдардың арбауына түспейді. 

Нәтижесінде, бұл флэшмобта жастар белсенділік танытып, көптеген діни ақпараттарға қанығып, сауаттарын ашты. Бұл іс-шарада Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Асылбек Ноғаев сөз алып, жастарды теріс діни ағымдардан сақ болуға шақырды. Тәлімді мағынаға толы "Ақ пен қара" атты қойылым көрсетіліп, концерттік бағдарламаға ұласты. Жастар флешмоб биін билеп, бұл флешмобтың жалғасуын Кентау қаласына жолдады. 

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Білімді жастар - кереғар діни ағымды жоюшы күш