Діни ақпараттың рас-өтірігін сараптай білу жолы түсіндірілді

Көрлімі: 18

Screenshot_10.jpg

Қазақ халқының ежелден ұстанатын діні-ислам. Тарихи деректерге сүйенсек, ата-бабаларымыздың ислам дінін қабылдағанына шамамен 1200 жылдан аса уақыт өтті. Содан бері ислам діні қазақ жерінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып, бүгінгі күнге дейін қазақтың бөлінбес еншісіндей болып келді. Дегенмен, бүгінде дін деген сан түрлі тармаққа бөлініп, жастар қайсысын таңдарларын білмей адаса бастады. Себебі, дін – нәзік тақырып. Кез-келген адам дін тақырыбында еркін көсіле алмайды. Дін тақырыбында өз пікірін білдіру үшін адамда тым құрығанда базалық теориялық білім болу керек. Дегенмен көптеген жастарда мұндай білім болмағандықтан, олар кез-келген діни ақпараттың рас-өтірігін зерттеуге өрелері жетпей, сеніп қала береді. 

Осы мақсатта, жастардың діни сауатын ашу һәм оны жетілдіру мақсатында бүгін Арыс қаласында,ы С.Қожанов, Абай, Б.Момышұлы және И.Журба атындағы жалпы орта білім беретін мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларына Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің дінтанушы, теолог маманы А.Бектұрғанов «Жастар жадына – ғаламтор жау» тақырыбында дәріс оқыды.

Жиынның мақсаты халық арасында дәстүрлі дінімізді таныту, ақпараттық түсіндірме арқылы діни ағымдар мен секталардан сақтандыру болып табылды.

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің дінтанушы, теолог маманы А.Бектұрғановтан мәзһаб, ислам ақидасы және басқа да толғандырған сұрақтарын қойған оқушылар дәлелді, дәйекті жауаптарын алды. 

Жастар бұл жиында көптеген сұрақтар қойды. Сұрақтар неғұрлым көп қойылған сайын, оған берілген жауап та соғырлым кеңірек және түсінікті болды. Жастар бұл жиында өздерін мазалаған көптеген сұрақтарға толыққанды жауап алып, теріс діни ағымның жетегінде кетпейтіндерін білімдерімен көрсетті. 


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Діни ақпараттың рас-өтірігін сараптай білу жолы түсіндірілді