Кереғар діни ағымдармен күресте басты қару - сапалы білім

Screenshot_5.jpg

Дін – өте нәзік тақырып. Өте өткір мәселе. Қазір көптеген адамдар дінді дұрыс түсінбей, түрлі заңбұзушылықтарға жол беріп жатады. Кейде бұл заңбұзушылықтар мемлекеттік деңгейде қауіп-қатер төндіреді. Егер заңбұзушылық осылай жалғаса берсе, бұл мемлекеттік даму процесін тежеп, тамырына балта шабады. Тамыры үзіліген ағаш тез қурап қалатыны баршаға белгілі. 

Осыған орай, жақында Түркістан облысы, Ордабасы ауданында дін істері басқармасы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің, "Зайырлылық және дінтану" пәнінің мұғалімдерінің, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін көтеру мақсатында семинар-кеңес болып өтті. Қазіргі таңда біліктілікті арттыру өте маңызды. Себебі, ақпараттар ағыны қаптаған заманда оны іріктеп, сұрыптай білген абзал. Себебі, діни миссионерлер халыққа өз идеологияларын сіңіру мақсатында түрлі әдіс-тәсіл, амал-айлаларға жүгінуде. Бұл ретте олармен күресуде біздің теолог мамандар өте сауатты болу керек. Осыған орай, теолог мамандар бір-рілімен жиі кездесіп, ақпарат алмасып, тәжірибелерімен бөлісіп тұрады. 

Ордабасы ауданында болған семинар-кеңес өте жемісті болды. Мұнда қызу пікірталас орын алып, оның шешімі табылды. Бұл өз кезегінде діни сауаттың сапалы болуына жол ашты. Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған семинарды "Дін мәселелерін зерттеу орталығының" дінтанушы маманы М.Халықов жүргізді. Жиын соңында қатысушыларға сертификат табыстылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер