Кездесуде оқушылар діни ағымдар жөнінде мәліметтер алды

Screenshot_6.jpg

Түркістан облысы, Сайрамда көптеген ұлттар тұрған соң, мұнда көптеген діндер де бар екені түсінікті. Сондықтан да, мұнда діни ахуалды сақтап, тұрақты ұстап тұрған жөн. Бұл мақсатта ауданда мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу керек. Жүйелі түрде суғарылған көшет жайқалып өсетіні секілді, жүйелі түрде берілген білім түптің түбінде кәдеге асады. 

Осыған орай, жақында Сайрам ауданы, Қарамұрт ауыл округіне қарасты Бөкейхан атындағы мектеп оқушыларына "Ғаламтор және ақпарат" тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуді Облыстық Дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығының" теолог маманы И.Батыр жүргізді.

Сонымен қатар, мұндай кездесулер аудандағы өзге де мектептерде өткізілді. Атап айтсақ, аудандағы 37- ші жалпы орта мектеп оқушыларына "Ғаламтор" тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуді Облыстық Дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығының" теолог маманы А.Тажибаев жүргізді.

Ал, Ақбұлақ ауыл округіне қарасты Ә.Құрмантаев атындағы мектеп оқушыларына "Ғаламтор шырмауына түскен тағдыр" тақырыбында кездесу болып өтті.

Кездесуді Облыстық Дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығының" теолог маманы Ж.Битанов жүргізді. 

Бұл кездесулердің тәрбиелік мәні зор болды. Көптеген оқушылар алғаш рет мұндай ақпаратты естіп, біліп, көздері ашылғанын айтты. Алдағы уақытта мұндай тәрбиелік мәні зор кездесулер өзге де мектептерде жалғасын табатын болады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер