Облыс әкімі Сайрам ауданының жетістігіне тоқталды

Screenshot_7.jpg

Бүгін Түркістан облысында Сайрам ауданының 90 жылдығына орай мерекелік кеш ұйымдастырылды. Салтанатты шара Ақсукент елдімекеніндегі Мәдениет үйінде бастау алды. Жиынға арнайы қатысқан аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев тұрғындар мен қонақтарды аталған мерекемен құттықтап, ауданның өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

- Сайрам - Түркістан облысындағы ірі аудандардың бірі саналады. Ауданның өңіріміздегі өндірістік-экономикалық әлеуеті жоғары деуге толық негіз бар. Ықылым заманнан бері ата-бабаларымыз қоныс еткен құтты өлкеде ел тарихындағы елеулі оқиғалар өтті. Мәртөбеде келелі кеңестер ұйымдастырылып тұрған. Осы кеңесте қазақтың қайраткерлері мен билері, көсемдері мен шешендері ұлт тағдырына оң әсер ететін бәтуалы шешімдер қабылдаған. Орта ғасырларда қолөнер мен сауда орталығы ретінде танылған Сайрам бүгін де өз биігінен түскен жоқ. Ауыл шаруашылығына бейімделген аудан қайта уақыт өткен сайын өркендеп өсіп келеді. Аталмыш салада жалпы өнім көлемі 1991 жылы 1 млрд. 227 млн. теңгені құраса, 2017 жылы 58 млрд. теңгеге жеткен. 26 жылдың ішінде 46 есеге артып отыр. Ал, Тәуелсіздіктің алғашқы жылында 7422 тонна ет өндірілсе, былтыр бұл көрсеткіш 26 660 тоннаға жеткен. Ауданның ауылшаруашылық саласын дамытуға республикалық бюджеттен 636,8 млн. субсидия берілген. Экономика дамуының көрсеткіші саналатын шағын және орта кәсіпкерлік саласы Сайрам ауданында жақсы дамыған. 27 жыл бұрын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3000-нан сәл ғана асса, өткен жылғы есеп бойынша 13 мыңнан асып түсті. Олардың өндіріп жатқан өнімдері де қомақты, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Мерекелік жиын Дендросаябақта жалғасын тапты. Онда қонақтар ағаш көшеттерін отырғызды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер