Жастарды адалдыққа тәрбиелейтін мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

Screenshot_1.jpg

Бүгін университет қабырғасында жүрген ертең елмен қоян-қолтық жұмыс істейтін маман. Олар адал болғаны абзал. Қай жерде болмасын, адалдық – ең басты құндылық болып қала береді. Адалдық – өсіп-өркендеуге, өрлеуге алып барады. Іштен шіруді жояды.

Осыған орай, жақында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Мемлекеттік қызмет мектебінің ашылу салтанаты өтті. Мемлекеттік қызмет мектебі – болашақ маманды тәрбиелейді. Еліне адал қызмет етуге шақырып, бойларына әділдікті сіңіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте адал мамандар зор соққы беретіні анық. Мұндай мектептің өңірімізде ашылуы – болашққа құйылған инвестиция десек болады.  

Жиынға департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев, «Сырдария» университетінің ректоры С.Дайырбеков, университет ректоры Б.Абдрасилов, департамент қызметкерлері оқу ордасының оқытушы құрамы және студенттері қатысты.  

– Іс-шараның негізгі мақсаты - жастардың ішінен мемлекеттік қызметке білікті де білімді мамандарды дайындау. Облыс көлемінде аталған ЖОО-да алғашқы болып ашылып жатқан мектепте мем.қызметке қызығушылық танытатын жоғарғы курстың студенттері оқитын болады. Олар келесі жылға дейін теориялық және тәжірибелік дайындық деңгейінен өтеді. Жетісай қаласындағы «Сырдария» университетінің басшылығымен келісіп, екінші Мемлекеттік қызмет мектебін сонда ашу жоспарлануда. Елбасымыз «2019 жылды - Жастар жылы» деп жариялады. Сондықтан жастарға әрдайым қолдау білдіруіміз қажет. Бұл мектеп ең бірінші кезекте – өз ісін жетік білетін адал кадрларды дайындап шығаруға күш салады, – деді департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы. 

Жиын барысында университет ректоры Болатбек Серікбайұлы жастарды қолдау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ризашылығын білдіріп, Мемлекеттік қызмет мектебіне оқу үлгерімі жақсы деген жиырма студенттің іріктеліп алынғанын тілге тиек етті. 

Басқосу соңында университет президенті мен департамент басшысы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер