Арыста күн электр станциясы салынбақ

Screenshot_3.jpg

Бүгінде заман жоғары қарқынмен дамып, энернияны қажет ететін техникалар саны көбеюде. Осыған орай, техниканы энергиямен қамтамасыз ететін қуат көздерін тапқан абзал. 

Жақында энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін Түркістан облысының Арыс қаласында «Задарья-1» күн электр стансасының құрылысы басталды. Жобаның қуаты - 14 МВт. Бұл жөнінде «Түркістан» ӘКК» АҚ филиалының баспасөз қызметі хабарлайды. 

7 миллиард теңгеден астам сомаға қаржыландырылатын жоба шетелдік инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады. Ағымдағы жылдың қазан айында электр станциясы үшін бөлінген 30 гектар жер телімінде «KazGreenTekSolar» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастады. Аталмыш компанияның жалғыз құрылтайшысы француздық Urbasolar SAS компаниясы болып табылады, және де ол – құрылыс жұмыстарының бас мердігері. 

2019 жылдың 4-ші тоқсанында жоспар бойынша станса іске қосылып, электр энергиясын жеткізу басталады. Бұл жоғары қосылған құны бар тұтынушылық өнім болып табылатын таза энергияны өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба жоспарға сәйкес 2020 жылға қарай 3%-ға жетуі тиіс елдің жалпы генерациясына ЖЭК қатысу үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 50 жаңа жұмыс орны пайда болады. Жалпы, Urbasolar SAS 2006 жылдан бері КЭС-ні дамытуға, салуға және іске асыруға қатысады және Қазақстанда 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінгі күні компания Франция нарығында көшбасшы болып табылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер