Департамент басшысы Ордабасы ауданының тұрғындарын қабылдады

Көрлімі: 20

Screenshot_4.jpg

Кез-келген басшы зәбір көрген, қиындық көріп мәселесін шеше алмай жүрген азаматпен тікелей сөйлессе, көптеген мән-жай анықталып, мәселе тез арада оң шешімін табады. Ең бастысы, сыбайлас жемқорлыққа жол берілмей, оның алдын алады. 

Осыған орай, бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев «Нұр Отан» партиясы Ордабасы аудандық филиалында жеке қабылдау өткізді. Бұл жөнінде аталған мекеменің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жеке қабылдауға Ордабасы ауданының алдын-ала жазылған 4 тұрғыны өз сұрақтарын қойды. Сұрақтар негізінен мемлекеттік органдарда факторлық-балдық шкала жүйесінің енгізілу тәртібі, мемлекеттік қызмет өткеруге және мемлекеттік қызметке орналасуға қатысты қойылды. 

Сондай-ақ, жеке қабылдауға Шұбарсу ауылының тұрғыны А.А.Бекбулатова арнайы келіп, мемлекеттік қызмет көрсету барысында бірқатар мәселелер туындағанын, сол мәселеле бойынша Департаменттен түсіндірме алғаннан кейін, қызмет нәтижесіне қол жеткізгені үшін алғысын білдірді. 

Ғ.Тұрсынбаев жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына тиісті жауаптар беріп, Департаменттің қызмет бағыттары бойынша кеңес беруде әрдайым ашық екенін жеткізді. Бұған қоса, қабылдауға келген азаматтарға Департамент тарапынан «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленгенін, карта танымал әлеуметтік желілер (Facebook, VK, Instagram және WhatsApp +7775-8692121) арқылы ұсыныс, пікірлермен бөлісуге болатынын айтты.  

Биыл Департамент басшысының жеке қабылдауы алғаш рет «Skype» бейнебайланысы арқылы өтіп, бұл жұмыстар алдағы уақытта ай сайын жалғасатын болады.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Департамент басшысы Ордабасы ауданының тұрғындарын қабылдады