Түркістанда нау зауыты күніне 13,7 тонна өнім шығарады

Screenshot_4.jpg

Шағын және орта бизнес – кез-келген мемлекеттің экономикасының қайнар көзі. Елде кәсіпкерлер көбейгенде тіршілік қайнайды. Тіршілік қайнаған жерде алыс-беріс, сауда-саттық көбейіп, ақша айналымы ұлғаяды. Нәтижесінде, қазынаға қаржы түсіп, ол халықтың әл-ауқатын арттыруға жұмсалады. Әрине, ол үшін ең бірінші кәсіпкерлерге жұмыстарын дөңгелетіп әкетуге жағдай жасау керек. 

Осыған орай, жақында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Аймақ басшысы алдымен «Яссы нан» ЖШС-не табан тіреді. 2014 жылы іске қосылған жобаның жалпы құны 200 млн. теңге. Тәулігіне 13,7 тонна өнім шығаратын нан зауытында 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын басшысы Насиба Атаева ас атасына деген сұраныстың артуына байланысты өнім көлемін де көбейтуге бел байлағанын айтады.

– Бұл наубайхана бастапқыда белгілі бір кәсіпорын жұмысшыларын нан өнімімен қамтамасыз ету үшін құрылған. Уақыт өте келе қала тұрғындарынан біздің өнімге деген сұраныс күрт артты. Нәтижесінде өнім көлемін тәулігіне 30 мың данадан 50 мыңға шығарып отырмыз. Осыған орай жаңа жұмыс орындары ашылып, наубайханамыздың өндірістік қуаты мен аумағы мейлінше ұлғайды. Қазіргі таңда мұнда нанның 40 түрі, шұжық өнімінің 15 түрі шығарылады, – деді Насиба Сабырқызы.

Бүгінде кәсіпкер өз есебінен жобаға қосымша 800 млн. теңге қаржы құйып, Чех Республикасынан нан жабуға арналған заманауи қондырғылар сатып алған. Қазіргі таңда мекеме Түркісан қаласын нан өнімдерімен толық қамтамасыз етіп, баға тұрақтылығын сақтап отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер