Өңірде тамшылатып суару жүйелері зауытын салу қарастырылуда

Көрлімі: 12

Screenshot_6.jpg

Бүгінде заман жоғары қарқынмен дамып келеді. Бұндайда білімнің ойнар рөлі ерекше. Сондықтан да, бүгінде көптеген адамдар, компаниялар, мемлекеттер бір-бірімен білімдерін бөлісіп, тәжірибе алмасады. Осыған орай, Қазақстан көптеген мемлекеттермен әріптестік қарым-қатынас орнатуда. Түптеп келгенде, мұның барлығы елдің болашағы үшін атқарылып жатқан шаруалар.

Елімізге қытайлық «Xinjiang Tianye Water Saving Irrigation System Co., Ltd» компаниясы Түркістан облысында тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт салу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл жөнінде «TURKISTAN INVEST» «Түркістан» ӘКК» АҚ филиалының баспасөз қызметі хабарлайды. 

"TURKISTAN INVEST" компаниясының басқаруымен жүзеге асатын жобаға қытайлық тарап 30 миллион АҚШ долларын бөлуге дайын. 

Екіжақты келіссөздер өткеннен кейін инвесторлар Түркістан облысына келіп, онда Бәйдібек ауданы әкімдігінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Бәйдібек ауданының аумағында жобаны іске асыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ, əрі қарайғы ынтымақтастықтың перспективалары айқындалды.

Түркістан өңірі Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша көшбасшы болып табылады. Осындай жобаларды жүзеге асыру елімізден бөлек, Орталық Азия елдерімен де бәсекелесуге өз үлесін қосады. 

"Xinjiang Tianye" компаниясы Қытайдың батыс өңіріндегі ең ірі жетекші кәсіпорындардың бірі. Аталған мекеме 1996 жылы шілде айында құрылып, бүгінгі таңда құрылыс, электр станциясы, цемент, мұнай өңдеу, аграрлы шаруашылық, химиялық тыңайтқыш өңдеу, өндіру саласында елдегі көшбасшылардың біріне айналды.


®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Өңірде тамшылатып суару жүйелері зауытын салу қарастырылуда