Науқастар денсаулығы жөнінде мәліметті онлайн түрде біле алады

Көрлімі: 18

Screenshot_9.jpg

Науқастар ауруханаға келгенде еш алаңсыз ем алу керек. Олар «анаған «сыйақы» беру керек, әйтпесе қарамайды» деп мүлдем ойламауы тиіс. Санасына салмақ түскен науқас оңайлықпен емделмейді. Сондықтанда, медицина саласында сыбайлас жемқорлықты мүлдем болдырмау керек.  Осыған орай, медицина саласында сыайлас жемқорлықты жою, болдырмау, алдын-алу мақсатында цифрландыру қарқынды жүгізілуде. Бір айдың ішінде Түркістан облысының ақ халаттылары 100 пайыз компьютерлермен қамтамасыз етілетін болады.

Бүгінде облыс бойынша медициналық мекемелер компьютерлермен 69 пайызға қамтылып отыр. Ал интернетпен 100 пайызға қамтылған. Шалғай аумақтарда орналасқан елді- мекендер болса 2021 жылға дейін интернет жүйесіне қосылады деп жоспарлануда. 

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты 38 медициналық мекемесі 100%- ға медициналық ақпараттық жүйеге қосылған. Денсаулық сақтау саласын цифрландыруды іске асыру кезінде емханаға бару айтарлықтай қысқартылып, зерттеу нәтижелерін алу уақыты мен кезек күту уақыты азаймақ. Сондай-ақ талдау нәтижелерін алу уақыты едәуір азайып, кеңес беру және рецептерді үйден шықпай алу мәселесі жүйеге қойылмақ. Әр адам өз денсаулығы туралы толық ақпараттарға онлайн режимінде қол жеткізе алады. Дәрігер болса науқастарының денсаулығы туралы шоғырландырылған мәліметке қолжетімділіктің арқасында оларға қашықтықтан кеңес бере алады. 

Алдағы желтоқсан айында Түркістан облысы бойынша дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің компьютерлік техникамен жабдықталуы 100% көрсеткішке қол жеткізілетін болады.

®RG media - ақпараттық агенттігі
Бөлісу тақырыбы: Науқастар денсаулығы жөнінде мәліметті онлайн түрде біле алады